Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев тәліптерді терроршылармен байланысты үзуге шақырды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкентте "Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму" халықаралық конференциясында сөз сөйлеп, тәліптер үкіметін терроршылармен байланысын үзуге шақырды.

"Біз Ауғанстанның қазіргі үкіметін терроризмнің барлық түрімен күресу үшін нақты қадам жасауға, халықаралық терроршы ұйымдардың бәрімен байланысты үзуге шақырамыз", - делінген Өзбекстан президентінің үндеуінде.

Мирзиевтің пікірінше, сонда ғана Уақытша үкіметке деген сенім нығая түседі, Ауғанстанның тұрақты дамуына жол ашылады.

Мирзияев Ауғанстанды халықаралық аренада оқшаулау елдегі гуманитарлық дағдарысты одан сайын тереңдетеді деп есептейді. Өзбекстан үкіметі халықаралық қауымдастықты "ауған халқына жанашырлық танытуға" шақырды.

Өзбекстан сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Владимир Норов Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру үшін оның шетелдегі активтеріне қойылған шектеуді алып тастау қажет деп мәлімдеді.

"Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму" конференциясы Ташкентте 25 шілдеде басталды. Форум сейсенбіде аяқталады. Бұның алдында Өзбекстан СІМ халықаралық конференцияға жиырмадан астам мемлекет пен халықаралық ұйым өкілдері қатысатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG