Ссылки доступа

Ресей бас прокуроры: ТМД азаматтары Украина жағында соғысып жүр 


Солдан оңға қарай: Игорь Краснов пен Эмомали Рахмон
Солдан оңға қарай: Игорь Краснов пен Эмомали Рахмон

Ресей бас прокуроры Игорь Краснов Душанбеге барған сапарында постсоветтік елдердің азаматтары Украинада орыс армиясына қарсы соғысып жүр деп мәлімдеді. 

Ресейдің мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Краснов тәжікстандық әріптесі Юсуф Рахмонмен кездескенде былай деген: "Қазір Украинадағы жағдайға байланысты қауіп-қатер тек өршіп жатыр. Бүгін біздің елдер жаңа қауіп-қатердің алдында тұр. Себебі, ТМД елдерінің азаматтары Украинада орыс армиясына қарсы соғысып жүр".

Краснов бұл қауіптің алдын алуы үшін құқық қорғау органдары өзара әрекет етуі қажет деген.

Бұл мәлімдемеге тәжік тарапы не деп жауап бергені белгісіз, себебі тәжік ақпарат құралдарында бұл кездесу жайлы жазылмаған.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, 26 шілдеде Душанбеде Игорь Краснов пен Юсуф Рахмон екі мекеме арасындағы 2024 жылға дейін терроризм және экстремизмге қарсы, қылмыстық әрекеттерге қарсы бірлесіп күресу жөнінде келісімге қол қойған.

XS
SM
MD
LG