Ссылки доступа

Қырғызстан: Құмтөрді толық бақылауға алу үшін техникалық іс-шаралар ғана қалды 


Қырғызстан үкіметі канадалық Centerra Gold Inc компаниясының Құмтөр кенішіне қатысты шешіміне байланысты мәлімдеме жасады. 

Онда "қырғыз үкіметі компания акционерлерінің шешімін құптайды" делінген.

Сонымен бірге Құмтөр кеніші толығымен қырғыз үкіметінің бақылауына өтуі үшін бірқатар техникалық іс-шаралар өткізу ғана қалды дейді.

25 шілдеде Centerra Gold Inc. канадалық компанияның акционерлері кезектен тыс жиналыс өткізіп, "Қырғызалтын" мен қырғыз үкіметімен келіссөзді қолдап, дауыс берген. Дауыс беру нәтижесі бойынша, акционерлердің 96,83% резолюцияны жақтаған.

Centerra Gold Inc. "Кумтор Голд Компани" еншілес компаниясы арқылы Қырғызстандағы ең ірі Құмтөр кенішін игеріп, жылына 15-17 тонна алтын шығарып келген.

Былтыр мамыр айында қырғыз үкіметі кенішті толық бақылауына алды.

XS
SM
MD
LG