Ссылки доступа

Қырғыз милициясы: Бішкек пен Алматыда "ұрланған гаджеттерді сатумен айналысқан" қылмыстық топ ұсталды


Бішкек милициясы "ұрланған телефон, планшет және ноутбуктарды сатумен айналысқан" қылмыстық топты анықтағанын хабарлады.

Милицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топқа мүше 11 күдікті ұсталған. Олар жеке дерек, мобильді телефондардың сериялық нөмірлері мен имей-кодтарын өзгертумен айналысқан. Mi Cloud, iCloud, Google аккаунттарды ашқан.

"Қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру", "Қылмыстық топ құру немесе оған мүше болу", "Ұрлық" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тінту барысында күдіктілерден 1700-ден астам мобильді телефон, 7 ноутбук, 5 планшет табылған деп айтылады. 11 адамның алтауы тергеу изолторына қамалған. Қалғаны үйқамаққа алынған.

Ақпаратқа қарағанда, Алматы қаласының полиция департаментінің көмегімен қырғыз милиционерлері "гаджеттерді сату схемасына қатысы бар" тағы екі адамды ұстаған. 46 телефон Қазақстаннан Бішкекке қайтарылған.

Ал Алматы полиция департаментіне осы қаладан ұрланған 278 мобильді телефонды қайтарған. Аппараттардың біраз бөлігі иелеріне қайтарылған.

XS
SM
MD
LG