Ссылки доступа

Денсаулық министрі: Тәжікстанда маймыл шешек тіркелген жоқ


Тәжікстан денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозоданың 27 шілдедегі баспасөз конференциясында хабарлауынша, республикада маймыл шешек жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатын көздейтін іс-шаралар қолға алынды.

Министрдің айтуынша, маймыл шешек тіркелген елдерден Тәжікстанға келген азаматтар тексеріледі. Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінде маймыл шешекті анықтайтын препарат бар.

Маймыл шешек алғаш рет 1958 жылы тіркелді. Жұқпалы ауру негізінен Африкада тарады, алайды биыл амыр айында ол Еуропаға жайыла бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, сол уақыттан бері әлемнің 70-ке тарта елінде 16 мың адам маймыл шешек жұқтырған.

Жұқпалы ауру кәдімгі шешекке ұқсайды, бірақ оның жеңілдеу түріне жатады. Маймыл шешек жұқтырған науқастардың ыстығы көтеріліп, буын-буыны ауырады, денесіне бөртпе шығады. Бұл аурудың арнайы дәрісі жоқ, науқастар 2-4 аптада жазылады, алайда бірнеше науқас өлгені мәлім.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Гебрейесус 23 шілдеде маймыл шешектің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады.

Әлемде COVID-19 індеті әлі өршіп тұр, кейінгі апталарда ковид жұқтырған науқастар саны арта бастады, бірақ өлім-жітім бұған дейінгі жылдарға қарағанда әлдеқайда аз.

XS
SM
MD
LG