Ссылки доступа

Тәжікстанда абақтыда отырған 80 жастағы ислам партиясының өкілі карцерге жабылды


Зубайдуллои Розик 
Зубайдуллои Розик 

Тәжікстанда "Исламның қайта жаңғыруы партиясының" 25 жылға сотталған 80 жастағы белсендісі Зубайдуллои Розик түрме режимін бұзғаны үшін "15 тәулікке айып изоляторына" жабылды.

Бұл мәліметті "Озоди" радиосына Розик жазасын өтеп жатқан Вахдат абақтысының жауапты қызметкерінің бірі растады.

"Ол төрт күннен бері айып изоляторында отыр", - деді ол. Бірақ оның қандай тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғанын айтудан бас тартты.

Зубайдуллои Розиктің туыстарының айтуынша, абақты қызметкерлерінің әкесіне деген көзқарасы президент Эмомали Рахмонның атына ашық хат жазғаннан кейін өзгерген. Ол өзіне қатысты істің қайта қаралуын сұраған еді.

Розик "Исламның қайта жаңғыруы партиясының" басқа мүшелерімен бірге 2015 жылдың күзінде ұсталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Билік оларды өлкенің бұрынғы қорғаныс министрі Абдузалим Назарзоданың 2015 жылдың қыркүйегіндегі "билікті басып алмақ болған бүлігіне" қатысты деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG