Ссылки доступа

Иран Ресейге ұшақ тетіктері мен жабдықтарын экспорттайды  


Иран өзі өндіретін ұшақ құрал-жабдықтарын Ресейге экспорттайды. Бұл туралы ирандық бірқатар ақпарат агенттіктері жазып жатыр.

Ақпаратқа қарағанда, бұл келісімге Иранның Азаматтық авиация ұйымының жетекшісі Мохаммад Мохаммади-Бахш пен Ресей көлік министрінің орынбасарымен кездесу кезінде келген. Ақпаратта Мәскеу өкілінің аты аталмаған.

Иран сонымен бірге орыстардың ұшақтарын жөндеуге көмектеседі.

IRNA және MEHR агенттіктері хабарлағандай, 26 шілдеде Тегеранда өткен кездесуде азаматтық авиация бойынша келісімге сәйкес, екі ел арасында әуе қатынасы аптасына 35-ке дейін артпақ.

19 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин Тегеранда Иран лидерлерімен кездесіп келген.

Батыс енгізген санкциялар орыс әуе компанияларына ұшақтарды, құрал-жабдықтарды сатуға тыйым салған. Иран ядролық бағдарламасына байланысты көп жылдан бері халықаралық қатаң санкциялар жағдайында жасап келеді.

XS
SM
MD
LG