Ссылки доступа

Тәжік белсендісі "экстремизмге үндеді" деген айыппен 6 жылға сотталды 


Шодруз Ахроров

Душанбенің Сино аудандық соты Ресейден депортацияланған белсенді Шодруз Ахроровты алты жылға бас бостандығынан айырды. Оған "Интернет арқылы экстремизмге шақырды" деген айып тағылған. 

"Абдулло" деген бүркеншік атпен YouTube-канал жүргізетін 35 жастағы Шодруз Ахроров Ресейде жүру ережесін бұзғаны үшін биыл наурызда Тәжікстанға депортацияланған. Төрт күннен кейін милиция қызметкерлері оны Душанбедегі үйінен алып кетті.

Ахроров YouTube каналында мигранттар проблемасын көтеріп, тәжік үкіметін сынға алып келген.

Ахроровтың III топтағы мүгедек жұбайы Жонона Табарова сот отырысы ашық өткенін, бірақ күйеуі адвокатпен қамтамасыз етілмегенін жеткізді. Оның сөзінше, мемлекеттік айыптаушы соттан жеті жыл сұраған. Бірақ сот оның әйелінің мүгедек және үш баласы барын ескеріп, жеті жылға еркінен ажырату үкімін шығарған.

"Шодруз үйдің жалғыз асыраушысы. Қазір үш баламмен ата-енемнің үйінде әрең жан бағып жүрміз. Сот үкіміне қарсы жоғарғы инстанцияларға шағымданғым келеді, бірақ ешқандай пайда болмайды ма деп ойлаймын", - деді Табарова.

Соңғы бірнеше жылдың ішінде Ресейде жұмыс істейтін ондаған тәжік белсендісі еліне депортацияланып, олардың көбі сотталып кетті.

XS
SM
MD
LG