Ссылки доступа

"Шекарасыз тілшілер" ұйымы Душанбені қамаудағы журналистерді босатуға шақырды 


"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы тәжік журналистерінің қамалғанын айыптады. Құқық қорғаушылар мұны ақпарат құралдарын қорқытып-үркітудің бір бөлігі деп есептейді. 

Ұйымның 27 шілдеде жариялаған мәлімдемесінде блогер мен журналистер Абдулло (Авазмада) Гурбати, Далери Имомали, Завкибек Саидамини және Абдусаттор Пирмухаммадзодаға қарсы қозғалған істерді "қолдан жасалған" деп атап, оларды дереу босатуға шақырды.

Ұйымның аймақтық директоры Жанна Кавальер атап өткендей, Тәжікстан қоғам кемшіліктерін көрсетіп жатқан журналистерді қамау тәжірибесін тоқтатуы тиіс.

Жоғарыда аты аталған журналистер биыл маусым-шілде айларында тыйым салынған ұйымдармен байланысы бар деп ұсталған.

Осыған дейін басқа да халықаралық ұйымдар тәжік билігін журналистерді босатуға шақырған. Бірақ ресми Душанбе үнсіз қалып отыр.

XS
SM
MD
LG