Ссылки доступа

Қырғызстандағы ең ірі стадион қайда салынатыны мәлім болды


Жаңа стадион Шу облысы Сокулук ауданындағы Орок айыл аймағында салынады. Стадион 20,78 гектар жерге салынады. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлеметке қарағанда, жаңа спорт кешені бой көтеретін орынды ауыл шаруашылығына арналған жерден шығару туралы шешім қабылданған.

Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов жаңа стадион Орок ауылына жақын маңда салынатынын айтқан.

Бұның алдында президент Садыр Жапаров әлем стандарттарына сай жаңа стадион құрылысы биыл тамыз айында басталатынын мәлімдеген.

Қырғызстандағы ең ірі стадион Бішкек қаласында орналасқан. Долон Омурзақов атындағы бұл стадион 1941 жылы салынған. Спорт кешені 18 мың адамға арналған.

XS
SM
MD
LG