Ссылки доступа

Мәскеуде өрттен қаза тапқандардың арасында екі өзбек азаматы болған


Мәскеудегі хостелде шыққан өрттен қаза тапқандардың арасында екі өзбек азаматы болған. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы миграция бойынша агенттігі хабарлады. 

"Мәскеуде хостелдегі өрттен екі өзбекстандық қаза болған. Олар 2003 жылы және 1986 жылы туған Өзбекстан азаматтары. Агенттік марқұмдардың сүйегін еліне алып келу үшін барлық шараны жасайды", – деп жазылған мекеме мәліметінде.

"Интерфакс" агенттігі өз бұлақтарына сүйеніп, қайтыс болғандардың арасында Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Әзербайжан азаматтары болғанын жазды.

Мәскеу қалалық прокуратурасы өрттен қайтыс болғандардың тек сегізінің кім екені анықталды деді.

"Олар 19, 33, 35, екеуі 60 және тағы екі 38 жастағы ер азаматтар. Қазір бағы бір адамның жасы анықталып жатыр",– деді.

29 шілдеге қараған түні Мәскеудің Алматы көшесіндегі хостелде шыққан өрттен 8 адам қаза болғаны, олардың бәрі еңбек мигранттары екені хабарланған. Ақпаратқа қарағанда, өрт түнгі сағат 23:47- де жатақхананың бірінші қабатындағы бөлмеден шығып, 150 шаршы метр алаңға жайылған. 200-ге жуық адам сыртқа шығарылған.

Бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарынан шыққан.

XS
SM
MD
LG