Ссылки доступа

Тәжікстан: тыйым салынған партия белсендісін карцерден камераға ауыстырды


Зубайдуллохи Розик. Архивное фото

Тәжікстан адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің хабарлауынша, Тәжікстан ислам өркендеу партиясының сотталған белсендісі Зубайдуллохи Розикті карцерден камераға ауыстырған. 80 жастағы Розик 22 шілдеде түрме ережесін бұзғаны үшін 15 тәулікке карцерге түскен.

Тәжікстан адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің қызметкері Хусниддин Нидоевтің 1 тамыздағы баспасөз конференциясында хабарлауынша, Зубайдуллохи Розиктің айып изоляторына түскені туралы мақалалар жарияланған соң ол Вахдаттағы колония басшысымен телефонмен сөйлескен. Нидоевтің айтуынша, 31 шілдеде Розикті карцерден камераға ауыстырған.

Тәжікстан омбудсмені кеңсесінің хабарлауынша, Розиктің түрме тәртібін бұзғаны үшін жазаланғанын кеңседегілер бұқаралық ақпарат құралдарынан білген. 26 шілдеде Вахдат колониясы Озоди радиосына Зубайдуллохи Розик карцерде отырғанын растаған.

Зубайдуллои Розиктің шетелде тұратын баласы Хисомиддини Зубайдулло бұның алдында айып изоляторында отыру қарт әкесіне қиынға түсетінін Озоди радиосына айтқан. "Түрмеде не болғанын, әкемді неге айып изоляторына отырғызғанын білмейміз. Колония басшылығы қарт кісіне не себепті жазалағанын айтпай отыр", деген Хисомиддини Зубайдулло.

Зубайдуллои Розик 2015 жылы күде Тәжікстан ислам өркендеу партиясы басшылығындағы басқа да белсенділермен бірге ұсталды. Билік оларды әскери төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыптады. 2016 жылы Розик 25 жылға отталды. ТИӨП белсенділерінің туыстары қылмыстық іс қолдан ұйымдастырылған деп есептейді.

XS
SM
MD
LG