Ссылки доступа

АҚШ Ресейді терроризмді демеуші деп таныса, Мәскеу Вашингтонмен дипломатиялық байланысты үзеді


Егер АҚШ Ресейді терроризмге демеуші ел деп таныса, онда бұның соңы дипломатиялық қарым-қатынастың үзілуіне әкелуі мүмін, деп мәлімдеді РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

АҚШ Конгрессінің сенаты шілде айының аяғында Ресейді Шешенстанда, Грузияда, Сирия мен Украинада терроризм әрекеттерін қаржыландыратын ел деп тану жөнінде ұсынысы бар қарар қабылдады. Дәл осындай қарар Конгресс қарауына ұсынылды. Алайда конгрессмендер мен сенаторлар мұндай шешімді өз бетімен қабылдай алмайды, ұсыныс Мемлекеттік департаменттен түсуі тиіс.

"Әрбір әрекетке қарымта әрекет бар екені ескеріле бермейді, мұндай жауапсыз қадам салдарынан дипломатиялық қарым-қатынас үзілуі мүмкін", - деп мәлімдеді Захарова журналистерге арналған брифингте. Оның айтқандарын "Интерфакс" таратты.

Ресейді терроризмді демеуші ел деп тану туралы өтінішті Украинаның Жоғарғы Радасы АҚШ Конгрессінің қос палатасына ұсынған. Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак шілдедегі бір сұхбатында Зеленский әкімшілігі бұл идеяны сыртқы саясаттағы ең басты мақсаттарының бірі деп есептейтінін айтқан.

АҚШ-тың терроризмді демеу көрсеткен елдер тізімінде төрт мемлекет бар: Сирия, Иран, Куба және Солтүстік Корея. Мұндай тізімге кірген елдермен дипломатиялық байланыс үзіліп, оларға қатаң санкциялар жарияланады.

XS
SM
MD
LG