Ссылки доступа

Қырғыз Ұлттық банкі telegram-арналарда валюта сатқандардың үстінен шағым түсірді


Қырғызстан Ұлттық банкі Telegram-арналар арқылы валюта айырбастағандардың үстінен құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

Милицияға жолданған хатта банк жекелеген азаматтардың әрекеті қаншалықты заңға сай екенін тексеруін сұрайды.

"Құқық қорғау органдары осы мәселені тиісті шара қолдану үшін тексеріп жатыр", - делінген банк мәлімдемесінде.

Бұған қоса, Ұлттық банк шетел валютасына сұраныстың артуынан "валюта айырбастаудың реттеуге келмейтін түрлі нарығының қалыптасуына қолайлы орта пайда болғанын" мойындады. Сонымен бірге, банк лицензиясыз валюта айырбастау заңсыз екенін ескертеді. Заң бұзған жеке тұлғаларға 17, 5 мың сом (200 доллар), заңды тұлғаларға 55 мың сом айыппұл салынады. Жыл басынан бері валютаны заңсыз айырбастаған он адамға жалпы көлемі 175 мың сом айыппұл салынған.

Ұлттық банк елдегі валюта нарығындағы жағдай тұрақты есептейді.

Бұның алдында Қырғызстанда валюта айырбастаудың "қара базары" пайда болғаны, азаматтар шетел ақшасын telegram-арналар көмегімен сатып жатқаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG