Ссылки доступа

Тәжікстан Ресейге пияз экспорттауға тыйым салды


Уголок сельхозпродукции на одном из рынков Душанбе

Тәжікстан билігі қалған тәріздес пиязды Ресейге экспорттауға тыйым салды. Ауыл шаруашылығы өнімінің бұл түрі жергілікті нарықта бірнеше есе қымбаттаған.

Кеден қызметінің Соғды облысындағы басқармасының хабарлауынша, осындай тапсырма үкіметтен түскен. Тәжікстандағы ауыл шаруашылығы өнімдері Ресейге негізінен Соғды облысының аумағы арқылы автокөлікпен тасымалданады.

Облыстық кеден қызметіндегілердің мәлімдеуінше, 2022 жылдың алғашқы жартысында 66 мың тонна пияз шетелге шығарылған, яғни экспорт былтырғы көрсеткіштен 10 мың тоннаға кеміген.

Үкімет шектеуі шілде айында қабылданғанына қарамастан, базарларға пияз бағасы түскен жоқ. Былтыр осы уақытта пияз бағасы 1,5-3 сомони аралығында саудаланса, биыл 5-7 сомониға дейін көтерілген.

Шаруалар пияздың қымбаттауын жанармай мен тыңайтқыш бағасының көтерілуімен түсіндірді. Оның үстіне биыл ауа райы қолайсыз болып тұр. Республикада пияз алқаптары азайған.

XS
SM
MD
LG