Пойыз билетінің бағасы әлі анықталған жоқ.
Тәжікстан көлік министрі Азим Иброхимнің хабарлауынша, алғашқы жолаушы пойызы 16 тамызда Куляб қаласынан Волгоградқа жолға шығады. "Пойыз сейсенбі күні сағат 2.08-де аттанады. Жол жүру уақыты – 72 сағат", деді ол. Душанбеден пойыз сенбі күндері жергідікті уақытпен сағат 10.18-де қатынайды, Волгоградтан сейсенбі күндері шығады. Худжанд-Волгоград- Худжанд жолаушы пойызы 7 қыркүйектен бастап қатынайды.
Ресейдің Волгоград қаласы Мәскеуден 980 шақырым жерде орналасқан. Тәжік қалаларынан шыққан жолаушы пойыздары Өзбекстан мен Қазақстан арқылы өтеді.
Тәжікстан мен Ресейдің басқа да қалалары арасында пойыз қатынар-қатынамасы әзірге белгісіз.
Дереккөз мәліметіне қарағанда, пойыз билеті 1400-1400 сомониден (шамамен $150) басталады, алайда бағаға қатысты түпкілікті шешім әлі қабылданбаған.