Ссылки доступа

Хорогтың үш тұрғыны генерал Назаровты өлтірді деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілді  


Хорог - Таулы Бадахшан автоном облысының орталығы 

Таулы Бадахшан автоном облысының соты Хорогтың үш тұрғынын 2012 жылы генерал Абдулло Назаровты өлтірді деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесті. 

Сот он жыл бұрынғы қылмысқа Гуломали Аёмбековтің, Хайримамада Дустмамадов пен Аслан Гулобовтың қатысы бар деп тапты. Гуломали Аёмбеков аймақтың биресми лидері, қазір қамауда отырған Толиб Аёмбековтің ұлы.

Дереккөз мәліметінше, үкім 5 тамызда шыққан.

Генерал Абдулло Назаров 2012 жылдың 21 шілдесінде өлтірілген. Оның көлігін оншақты белгісіз адамдар тоқтатып, пышақпен шабуыл жасап, қашып кеткен. Тағы бір болжам бойынша, генерал өзін аңдыған көлік иелерімен сөйлесу үшін, көліктен түсіп, сыртқа шыққан.

Генералдың өлімінен кейін Хорогта арнайы операция жүргізілген. Нәтижесінде 18 тәжік сарбазы қайтыс болып, ондаған адам жараланған. Ал арнайы операция кезінде әскери қанша адамды өлтіргенін әлі күнге дейін жарияламай келеді.

2013 жылы Хорог соты генералдың өліміне қатысы бар деген айыппен Одил Аёмбековті 17 жылға, Толиб Аёмбековтің жүргізушісі Хамза Муродовты 16 жылға бас бостандығынан айырған.

XS
SM
MD
LG