Ссылки доступа

Мәскеуде үш жұмысшының өлімінен кейін жеке компания директоры ұсталды 


Мәскеуде су коллекторындағы үш жұмысшының өлімінен кейін жеке компанияның директоры ұсталды деп мәлімдейді Ресейдің Тергеу комитеті. 

Қайғылы оқиға 7 тамызда Мәскеудің Люблино ауданында болған. Қатты жауған жаңбырдан үйілген суды 15 жұмысшы тазалап жатқанда, ағын су көбейіп кетіп, үш жұмысшы ағып кеткен. Олардың екеуі қырғызстандық, біреуі тәжікстандық.

Тергеу комитеті қауіпсіздік ережесін сақтамады деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“1984 жылы туған жеке компанияның бас директоры ұсталды. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр", - делінген мәліметте.

XS
SM
MD
LG