Ресми сайтта көрсетілгендей, пойыз билетінің бағасы станцияларға байланысты 1500- 1856 сомони (145-тен 180 долларға дейін) аралығында.
Мәселен қашықтығы 3362 шақырым болатын Кулябтан Волгоградқа дейін билет бағасы 1581-ден 2030 сомониге дейін болса, Душанбеден Волгоградқа дейін 1434-1856 сомони аралығында.
2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық пойыздар қатынасы тоқтаған. Екі жыл үзілістен кейін Ресей мен Тәжікстан арасында пойыз қатынасы қайта қалпына келе бастады. Бірінші пойыз 16 тамызда жүреді деп күтіледі.