Ссылки доступа

Қырғызстанда 2010 жылғы маусым оқиғасы бойынша іс сотқа берілді 


2010 жылғы маусым оқиғасы бойынша іс сотқа берілді. Бұл жөнінде Бішкектің Бірінші май аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.   

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесаревтің сөзінше, оған қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

"15 тамызда Бірінші май аудандық сотында алдын ала тыңдау өтеді. Заңдық тұрғыдан Атамбаевтың ешқандай қылмыстық әрекеті жоқ. Енді не болатынын, өздеріңіз болжай беріңіздер", - деді Слесарев Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұқбатында.

2021 жылдың сәуір айында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2010 жылғы маусым оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғап, сол кездегі жоғары лауазымды тұлғаларға қарсы "қызметін асыра пайдаланды" деген айып таққан.

Бұл іске қатысты 15 шақты адам тергелген. Олардың арасында қазіргі президент Садыр Жапаров пен Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Камчыбек Ташиев та бар.

2010 жылдың маусым айында болған Ош пен Жалал-Абад облыстарындағы этникааралық жанжал биліктің құлап, оның орнына Уақытша үкіметтің келуіне себеп болды.

Ресми мәліметке сәйкес, маусым оқиғасы кезінде 446 адам қайтыс болып, екі мыңға жуық адам әртүрлі жарақат алған. Оқиға кезінде 57 адам жоғалып кеткен. Оның 19-ы әлі табылмады.

XS
SM
MD
LG