Ссылки доступа

Екінші тоқсанда Ресейге жұмыс істеуге 1,5 млн Өзбекстан азаматы барған


Биылғы жылдың екінші тоқсанында Ресейге жұмыс істеуге 3 млн 120 мың адам барған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 25% көп. Бұл жөнінде "Коммерсантъ" газеті Ресейдің ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлады.  

Ресми мәліметке сәйкес, Ресейге барған мигранттардың 49,6 пайызы, яғни 1 миллион 544 мың 900-ы Өзбекстан азаматтары болса, 30,5 пайызы, яғни 953 мыңы Тәжікстан азаматтары. Олардың 40 пайызы Мәскеу облысы мен Мәскеу қаласында тұрақтаған.

Сонымен бірге Армениядан 108,2 мың, Әзербайжаннан 79 мың, Беларусьтен 42 мың, Қытайдан 32,2 мың, Украинадан 28,2 мың, Молдовадан 17,2 мың адам Ресейге жұмыс істеуге барған.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Батыс елдерінің санкцияларына тап болып, ол жақтан қайтып жатқан мигранттар да жоқ емес. Мәселен, биыл бірінші тоқсанда 133 мың өзбекстандық еліне оралған.

XS
SM
MD
LG