Жүк көліктерінің тоқтап тұруының басты себебі, туристік маусымға байланысты жолаушылардың және маусымдық азық-түлік тасушылардың көбеюі дейді аталған мекеме таратқан мәліметте.
Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы өзге өткізу бекеттерінде кезек жоқтығын, жағдай тұрақты екенін жеткізді.
Қырғыз-қазақ шекарасында "Ақ жол", "Кең-Булуң" және "Токмок" өткізу бекеттері бар.
Шекарадағы жүк тасушы көліктердің кептілісі осыған дейін де бірнеше рет тіркеліп, тек үкіметаралық келіссөздерден кейін азайған.