Оқиға жексенбі күні таңертең сағат 7:30 шамасында Ташкенттің Сергели ауданында болған. Жол бойындаға ағашқа соққан "ВАЗ-2106" қақ айрылған.
Мәліметтерге қарағанда, автокөлік жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Ол Янги Сергели көшесімен келе жатқан уақытта автокөлікті басқара алмай қалған. Апат жол екіге айрылар тұста болған.
Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.