Ссылки доступа

Қазақстанда оқу жылын екі аптаға ұзарту шешімі әділет министрлігінде тіркелу алдында тұр


Оқу-ағарту министрлігі өткізген жиналыста мектептердегі оқу жылын ұзарту мәселесі бекітілді. Онда бірінші сынып оқушыларына оқу жылы 35 аптаға (осыған дейін 33 пата болған), 2–11-сынып оқушылары үшін 36 аптаға (бұрын 34 апта болған) созылады деп көрсетілген.

Министрліктің тиісті бұйрығы әділет министрлігінде тіркелу алдында тұр.

Жаңа шешімге сәйкес, оқу жылындағы каникулдар төмендегіше болады: күзде жеті күн (31 қазаннан 6 қарашаға дейін; қыста тоғыз күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін); көктемде тоғыз күн (18-26 наурыз аралығында).

Осыған дейін оқу жылы аясындағы демалыс 30 күн болған (енді 25 күн). Бірінші сынып оқушыларына қосымша жеті күн (6-12 ақпан аралығы) демалыс қарастырылған.

Оқу жылы 31 мамырда (осыған дейін 25 мамырда) аяқталмақ. Жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Аталған министрлік сарапшылар осыған дейін оқу жылын ұзарту жөнінде бірнеше рет өтініш түсіргенін айтады. Олар әлемде ең ұзақ каникул Қазақстанда (130 күн) екенін, басқа елдерде 80- 100 күннен аспайтынын есепке алған.

Шілде айында министрліктің жобасы қоғам талқысына түскен. Көптеген ата-ана оқу жылының ұзарғанына қарсы шыққан.

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзартылғаны күнделікті пәндерді азайтуға мүмкіндік беретінін айтады.

XS
SM
MD
LG