Ссылки доступа

Тәжікстанда мемлекеттік айыптаушы Холбашовты өмір бойы, Мамадшоеваны 25 жылға соттауды сұрады 


Ульфатхоним Мамадшоева мен Холбаш Холбашов
Ульфатхоним Мамадшоева мен Холбаш Холбашов

Тәжікстанда мемлекеттік айыптаушы Таулы Бадахшан автономды облысының шекара басқармасының бұрынғы басшысы, генерал Холбаш Холбашовты өмір бойы, ал оның зайыбы, азаматтық белсенді әрі журналист Ульфатхоним Мамадшоеваны 25 жыл түрмеге кесуді сұрады.  

Тәжік билігі оларды биыл мамыр айында Хорог және Рушанда болған тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыптайды.

Ульфатхоним Мамадшоева мен Холбаш Холбашовтың соту 3 тамызда басталған. Сот отырысы жабық өтіп жатыр.

Ульфатхоним Мамадшоеваға қарсы "Конституциялық құрылымды күшпен құлатуға әрекет етті" деген бап бойынша іс қозғалған. Ол биыл 18 мамырда қамауға алынған.

Генерал-майор Холбаш Холбашовқа қарсы Тәжікстанның Қылмыстық кодексінің 11 бабы бойынша іс қозғалған. Оның ішінде адам өлтіру, терроризм айыптары бар. Тәжікстанның шекара қызметінде лауазымды қызмет атқарған Холбаш Холбашов та 18 мамырда ұсталған.

Таулы Бадахшанда халық наразылығынан кейін жүргізілген “Контртеррорлық операция” кезінде Холбашевпен бірге осы ауданның 78 тұрғыны қамауға алынып, Душанбеге жөнелтілген.

XS
SM
MD
LG