Ссылки доступа

Ресейліктердің "карта туризміне" байланысты ТМД елдерінде банк карталарына сұраныс көбейген 


Биылғы жылдың екінші тоқсанында Қырғызстанның банк карталарына деген сұраныс өскен. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 39,7 пайызға көп. 

Өзбекстанда 26,2%, Арменияда 16,2%, Беларусьте 11,52%, Тәжікстанда 28% және Қазақстанда 7,86 процентке өскен.

Сарапшылар мұның негізбі себебін Ресейді халықаралық төлем жүйесінен алып тастауымен байланыстырады. Сол себептен Ресей азаматтарының көрші ТМД елдерінің банк карталарына деген сұранысы көбейген.

Бірақ соңғы айда Қырғызстан батыс санкциясына түсіп қалмау үшін, шетел азаматтарына банк карталарын беру талабын күшейткен.

XS
SM
MD
LG