Ссылки доступа

Тәжікстан мен Ресей арасында темір жол қатынасы қайта жанданды (видео)


Архивное фото
Архивное фото

Екі жылдан астам уақытқа созылған үзілістен соң Тәжікстан мен Ресей арасындағы темір жол қатынасы қайта жанданды. 16 тамызда алғашқы жолаушы пойызы Тәжікстаннан Ресейге жолға шықты.

Куляб вокзалынан қозғалған пойыз Душанбеге таңертең сағат 8-де жетті. Бұл күні астанадағы вокзалда жолаушы көп болды. Куляб-Волгоград рейсіне сатып алғандардың дені әрі қарай Мәскеу қаласы мен облысына қарай жол тартады.

Пойыз билеті ұшақ билетінен бірнеше есе арзан. "Билетті 1500 сомониге (147 доллар) сатып алдым, ал ұшаққа кем дегенде 5500 сомони кетеді. Үнемделген ақшаға Ресейде бірнеше күн өмір сүруге болады", - дейді жолаушылардың бірі

Хабиб есімді тағы бір жолаушы Ресейдің басқа да қалаларына рейстер ашылғанын қалайды.

Жолаушылар мен оларды шығарып салушылар вагондар таза екенін айтып жатты.

Между Таджикистаном и Россией возобновлено железнодорожное сообщение
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00

Волгоград қаласы Мәскеуден 980 шақырым жерде орналасқан. Тәжік қалаларынан шыққан жолаушы пойызы Өзбекстан мен Қазақстан арқылы Ресейге өтеді.

Волгоградқа тағы екі пойыз жоспарланған - Душанбеден жүретіні 27 тамызда, ал Худжандтан 7 қыркүйекте қозғалады.

Ресей мен Тәжікстан арасындағы темір жол қатынасы 2020 жылғы көктемде коронавирус індетіне байланысты уақытша тоқтаған.

XS
SM
MD
LG