Ашық пікір алмасу сессиясында екі елдің өкілдері нақты жобаларға қатысты ұсыныстармен, шетел инвестициясын қорғау механизмдерімен, Өзбекстанда сәтті жұмыс істеп жүрген түрлі компаниялардың тәжірибелерімен танысты.
Кеңес нәтижесінде келісім-шарттарға қол қою рәсімі өтті. Бірлескен 15 құжат қабылданды. Олар энергетика, химия өнеркәсібі, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, фармацевтика, медицина, көлік және логистика салаларын қамтиды.
Келісім-шарттардың жалпы құны 13,1 миллиард доллардан асты. Бұл - екі ел қарым-қатынасы тарихында кейінгі 30 жылдағы ең ірі нәтиже.