Ссылки доступа

Тәжікстандағы Исмаилит кеңесінің президенті арнайы қызметтің тергеуінде болған 


Шарофат Мамадамбарова ханзада Ага-хан lV-нің қабылдауында 

Ханзада Ага-Хан IV-нің бұрынғы консулы, Исмаилит кеңесінің Тәжікстандағы президенті Шарофат Мамадамбарова 13-14 тамызда Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сұрауда болғанын жеткізді. 

Оның сөзінше, тергеу кезінде Ага-Хан қорының қызметі мен Таулы Бадахшанда болған оқиғалар жөнінде сұрақтар болған.

"Тергеушілер Ага-Хан қорының жұмысы жайлы сұрады. Одан бөлек Таулы Бадахшанда болған оқиғадан кейін ұсталған тұрғындардың қайсымен таныс екенімді сұрады. Мен Манучехр Холикназаровты жақсы танитынымды, оның әке-шешесімен жоғары оқу орнында бірге оқығанымды жеткіздім. Олардың жақсы отбасынан шыққанын, ұлының қылмыс жасауы мүмкін емес екенін айттым", - деді Мамадамбарова.

Памир заңгерлері бірлестігінің басшысы, Азаптауға қарсы коалициясының және "Комиссия 44-тің" мүшесі Манучехр Холикназаров биыл мамыр айында Хорог қаласында ұсталған.

Бүгінгі күні Тәжікстанда мамыр және маусым айларында Таулы Бадахшанда болған оқиғаларға байланысты 90 азаматтық белсенді "Комиссия 44-тің" мүшелері қамауда отыр.

Биыл мамыр айында Таулы Бадахшан орталығы Хорог және Рушан ауданында жергілікті тұрғындардың наразылық акциясы өткен.

Тәжік билігі аймақта "антитеррористтік операция" бастағанын жариялап, оның нәтижесінде 200-ден астам адам қамалғанын, 16 адам өлтірілгенін мәлімдеген.

Тәжік билігі ұсталғандарды "ұйымдасқан қылмыстық топтың" мүшелері деп атап отыр.

XS
SM
MD
LG