Ссылки доступа

Ресей: ҰҚШҰ мүшелерінің "дос емес елдермен" байланысы Мәскеуге зиян тигізбеуі тиіс


Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымындағы одақтастарының "дос емес елдермен" байланысы Мәскеумен стратегиялық әріптестікке зиян тигізбеуі тиіс, деп мәлімдеді Ресей СІМ Ақпарат департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев. Бұл туралы РБК хабарлады.

"Ресейге дос емес елдермен байланыстар біздің елдің стратегиялық әріптестігіне нұқсан келтірмеуі тиіс екенін ескерсек, мұндай жағдай ҰҚШҰ мен ЕАЭО, ТМД мен ШЫҰ секілді бірлестіктердегі келісімдерге қайшы келеді", — деп мәлімдеді Нечаев.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, және Тәжікстан кіреді.

Украина аумағына басып кіріп, Батыс елдерінің санкцияларына ұшыраған Ресей "дос емес елдерді мен аймақтар" тізімін дайындай бастады. Оған АҚШ пен Канада, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания (соның ішінде Джерси, Ангилья, Британдық Виргиния аралдары, Гибралтар), Украина, Черногория, Швейцария, Албания, Андорра, Исландия, Лихтенштейн, Монако, Норвегия, Сан-Марино, Солтүстік Македония, соныен бірге Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Микронезия, Жаңа Зеландия, Сингапур және Тайвань кіреді.

Шілде айында Ресей бұл тізімге Грекия, Дания, Словакия, Словения және Хорватияны қосты.

XS
SM
MD
LG