Ссылки доступа

Өзбекстан Chevrolet Spark пен Nexia көліктерін шығаруды тоқтатады 


UzAuto Motors АҚ компаниясы биылғы жылдың алғашқы алты айында 160 мың көлік шығарған. 

Енді тұтынушылардың сұранысына байланысты UzAuto Motors біртендеп жаңа моделдер шығаруға көшеді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Компания 2023 жылдың басында осыған дейін шығарып келген Chevrolet Spark пен Nexia көліктерін шығаруды тоқтатады. Оның орнына Chevrolet Tracker және Onix моделдерін шығаруды қолға алып жатыр.

Бұдан бөлек Американың Детройт қаласында General Motors компаниясы өкілдерімен келісім-шартқа отырып, UzAuto Motors-тың өндіру қуатын күшейтуге қол жеткізген.

XS
SM
MD
LG