Ссылки доступа

Қанды оқиғадан кейін Эмомали Рахмон Таулы Бадахшанға бармақшы 


Тәжікстанның Таулы Бадахшан автоном облысында биыл мамыр айында орын алған қанды оқиғадан кейін ел президенті Эмомали Рахмон бұл аймаққа бірінші рет сапар шеккелі отыр.  

Озоди радиосының дереккөзінің хабарлауынша, президенттің сапары қыркүйек айының басында болмақ.

Таулы Бадахшан әкімшілігің Facebook парақшасынан-ақ президент сапарына аймақтың қалай дайындалып жатқанын көруге болады. Аймақ басшысы Алишер Мирзонабот атқарылған жұмыстары есеп беруді бастаған.

Аты-жөнін атағысы келмеген Рушан ауданының тұрғыны Рушан мен Хорог тұрғындарының Эмомали Рахмонмен кездесуге ниеті жоқ екенін айтады.

"Егер президент келетін болса, халықты кездесуге мәжбүрлеп апаруы мүмкін. Бірақ олардың жүрегінде билікке деген ешқандай ризашылық болмайды. Хорог пен Рушанның әр үйі қайғырып отыр. Онда әрбірінің туыстары өлтірілген не ұсталған", - деді ол.

Биыл 16 мамырда Таулы Бадахшандағы Хорог қаласы мен Рушан ауданы тұрғындары жергілікті биліктің отставкаға кетуін талап етіп, көшеге шыққан. 17 мамырда Рушанның бір тұрғыны Душанбе-Хорог жолын жауып, әскери техниканың автономиялы облысы орталығына қарай өтуіне бөгет жасауға тырысқан. Ертесіне билік "терроризммен күрес операциясы" өткенін хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, Рушан ауданында 16 адам қаза болды. Жергілікті тұрғындар қырық шақты адам қаза тапқанын айтып отыр.

XS
SM
MD
LG