Ссылки доступа

АҚШ аштық жайлаған елдерге украин астығын сатып алады 


Құрама Штаттар жақын күндері кедей елдерге арнап Украинадан 150 мың тонна астық сатып алады. 

Бұл жөнінде Associated Press агенттігіне БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Дэвид Бизли хабарлады.

Алдымен Украина астығы Африка Рога түбегінің солтүстік-шығыс континентіне жіберілмек.

Соңғы уақытта аталған континентке жататын Жибути, Сомали, Судан және Эфиопияда құрғақшылыққа байланысты халқы аштыққа тап болып отыр. БҰҰ мәліметінше, онда 22 миллион халыққа азық жетпейді.

Бизлидің сөзінше, бұл аймаққа 23 мың тонна украин бидайын жеткізбек. Бұл 1,5 млн халықты тамақтандыруға жетеді.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Киевтен Стамбұлға барған сапары кезінде Украина 650 мың тонна бидайын экспортқа шығарды деді. Ресей басып кіргеннен кейін, астық экспорттау тоқтап қалған болатын.

"Келісімге сәйкес, астықтың бір бөлігі Ресейге салынған санкцияға байланысты азық-түлік пен тыңайтқыш жетпей қалған елдерге жіберіледі", - деді Гутерриш.

24 ақпанаға дейін әлемде астықты басты экспорттаушы елдер Ресей мен Украина болған. Ресей сонымен бірге тыңайтқышты экспорттайтын басты елдердің бірі болып келген.

XS
SM
MD
LG