Ссылки доступа

Ресейде ірі көлік апатынан 14 қырғызстандық қаза тапты 


Ресейдің Ульяновск облысында 16 адамның өмірін жалмаған ірі көлік апаты болды.  

Олардың 14-і қырғыз азаматы деп хабарлайды Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі. Тағы үш қырғызстандық ауруханаға жеткізілген.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видео және суреттерге қарағанда, жүк көлігі жолда тоқтап тұрған микроавтобусқа соғылған.

Ульяновск облысының губернаторы Алексей Русских телеграм-каналында ауруханада дәрігерлер үш адамның өмірі үшін күресіп жатқанын жеткізді.

"Екі ер адам мен бір әйел ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлер қолынан келген көмектің бәрін көрсетіп жатыр", - деген ол.

Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің қызметкерлері оқиға орнында. Олар "тікелей желі" ұйымдастырып отыр. Қайтыс болғандардың туыстары мына телефонға хабарласуын сұрайды: +7 (926) 861 50 98

Қырғызстан үшін +996 508 628-588, +7 977 947 55 80, +996 551 312-000 (WhatsApp).

XS
SM
MD
LG