Ссылки доступа

Өзбекстаннан Сауд Арабиясына аптасына 14 мәрте ұшақ қатынайды


Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасында аптасына 14 ұшақ қатынайды. Бұл туралы көлік министрінің орынбасары Жасурбек Чориев мәлімдеді.

Министрлік өкілінің хабарлауынша, әуе қатынасы туралы меморандум президенттің Сауд Арабиясына мемлекеттік сапары аясында қабылданған. Оның айтуынша, екі ел арасында аптасына 14 әуе рейсін ашу көзделген.

Өзбекстаннан шыққан ұшақтар Эр-Рияд, Джидда және Медина қалаларына қатынайды. Олардың Өзбекстанның қай қалаларынан ұшатыны әзірге белгісіз.

Жасурбек Чориевтің хабарлауынша, бұған дейін екі ел арасында әуе рейстері үлкен және кіші қажылық кезінде ғана қатынаған, енді тұрақты рейстермен қажылықтан басқа да мақсаттар үшін ұшуға болады.

Бұның алдында Сауд Арабиясы азаматтары үшін Өзбекстанға визасыз жүйе енгізілген. Ол бойынша, Сауд Арабиясының азаматтары Өзбекстанда 30 күн бойы еркін жүріп-тұра алады.

XS
SM
MD
LG