Ссылки доступа

Хатлондағы зейнеткерлер зейнетақысын банкоматтардан шешіп ала алмай жүр (видео)


Пенсионеры в Хатлоне жалуются, что не могут снять вовремя пенсию в банкоматах
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:21 0:00

Тәжікстанның Хатлон облысындағы зейнеткерлер банк есебіне аударылған зейнетақыны банкоматтардан уақытылы шешіп ала алмағанына шағымданды.

Ай сайын зейнетақы түсетін күні банкоматтар алдына жиналған зейнеткерлердің ұзын-сонар кезегін байқауға болады.

Кезекте тұрғандардың дені "Амонатбанк" мемлекеттік жинақ банкінің клиенттері. Зейнеткерлер зейнетақыны уақытылы шешіп ала алмағанына наразы.

Зейнеткерлердің бірі Кулдош Дуоқұлов кезек күтуден шаршағанын айтты. "Кейде карта банкоматта қалып қояды, сосын ұзақ күтіп қаламыз, басқа амал жоқ. Совет заманында ешкім кезекте тұрмады, зейнетақыны үйге әкеліп берді. Зейнетақыны тезірек төлесе жақсы болар еді", - дейді ол.

Тәжікстанда зейнеткерлер ақысы мардымсыз, өмір сүруге жетпейді. Қарттардың дені балаларының табысына күн көруге мәжбүр, дегенмен азғантай зейнетақыны асыға күтеді.

Вахш ауданындағы қышлақтардың бірінде тұратын зейнеткер Хидирәлі Охимирзоевтың айтуынша, оның қышлағында банкомат атымен жоқ, сол себепті ол зейнетақы үшін ай сайын аудан орталығына қатынауға мәжбүр.

"Амонатбанк" өкілдері болса зейнетақы уақытылы аударылатынын айтып отыр. Банк қызметкерлері банкоматтар алдындағы кезекке зейнеткерлердің өздерін кінәлады.

Банкоматтардан ақша шешу қиын екенін зейнеткерлер ғана емес, дәрігерлер мен мұғалімдер де айтып отыр. Кезінде олар да осындай қиыншылыққа тап болған.

XS
SM
MD
LG