Ссылки доступа

Қырғызстан: "Умут и Ко" компаниясының басшысы Журат Абдуллаев тергеу изоляторына түсті


Қырғызстанда "Умут и Ко" компаниясы қожайындарының бірі Журат Абдуллаев 19 қазанға дейін ҰҚМК-нің тергеу изоляторында отырады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Бішкек қаласы 1-май аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 1-май аудандық сотының судьясы Абдуллаевтың ұсталуын заңды деп танып, оны тергеу изоляторында ұстау туралы шешімді 20 тамызда қабылдаған.

19 тамызда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет қызметкерлері "Умут и Ко" компаниясы қожайындарының бірі Журат Абдуллаевты заңсыз қару-жарақ сақтады деген күдікпен ұстады. Оның иелігінен әскери танк пулеметі орнатылған брондалған барлау автокөлігі, сонымен бірге қарудың бірнеше түрі, жарылғыш заттар тәркіленген. Кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

"Умут и Ко" компаниясы Қырғызстанда сүт өнімдері, сусын және балмұздақ шығарады. Компанияға ағайынды Қайрат пен Журат Абдуллаевтар иелік етеді.

XS
SM
MD
LG