Ссылки доступа

Билік әлеуметтік желі иелерімен "заңсыз" контентті алып тастау жөнінде келіскенін мәлімдеді


Қазақстан билігі Telegram мессенджері, TikTok сервисі қожайындарымен және басқа да халықаралық танымал ресурстармен заңсыз контентті өшіріп тастау жөнінде келіскенін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазТАГ.

Ақпарат агенттігі Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2022-2027 жылдарға арналған цифрлық экожүйені дамыту тұжырымдамасына сілтеме жасаған.

"ВКонтакте", "Одноклассники", Mail.ru, Livejournal, Facebook, Instagram, Tiktok, Linkendin, Telegram мессенджері секілді халықаралық әлеуметтік желі қожайындарымен Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық құқық талаптарына қайшы конкенттерді өшіру мәселесі шешілді", — делінген тұжырымдамада.

Құжатта "аталған интернет-компаниялар өкілдері заңсыз контентті өшіру мәселесіне қатысты ұсыныстарды түсіністікпен қабылдайды", алайда "олардың пікірінше, мұндай шара оң нәтиже бермейді" деп жазылған.

Тұжырымдама авторлары әлеуметтік желілерге мониторинг жасау ісін заңсыз ақпарат таратумен күрестің "басты құралдарының бірі" деп атаған.

Биыл шілде айының аяғында Қазақстан үкіметі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мессенджерлер мен әлеуметтік желілер жұмысын шектеу құзыретін беретін қаулы қабылдады.

Мамыр айының басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кибербуллинг туралы заңға қол қойды. Сарапшылар мен белсенділер бұл құжатты сынап, заңды қабылдауға қарсы петиция дайындаған.

XS
SM
MD
LG