Ссылки доступа

Самарқанда бауыр алмастыру бойынша алғашқы отадан кейін науқас та, донор да қайтыс болды 


Самарқанд облысының медицина тарихында бірінші рет бауыр алмастыру отасы жасалып, нәтижесінде сәтсіз болды. Науқас та, донор да көз жұмған. 

Ақпаратқа қарағанда, операция Самарқанд облыстық көп профилді медициналық орталықта 9 тамызда жасалған. 57 жастағы науқас бауыр циррозына шалдығып, оған 35 жастағы қызы донор болған. Анасы 12 тамызда, қызы 16 тамызда қайтыс болған.

Донор болған әйелдің артында үш баласы қалды. Операция кезінде оның күйеуі Ресейде жұмыс істеп жүрген. Ол әйеліне донор болуға рұқсат беріп, тиісті құжаттарды электронды пошта арқылы жіберген.

Операция 13 сағат, 20 минөтке созылған. Оған сегіз трансплантолог-дәрігер, бес анестезиолог-дәрігер, екі трансфузиолог және он медбике қатысқан.

"Біз операцияны қолымыздан келгенше жасадық. Бұл Самарқанд облысы медицинасындағы жетістік. Операцияға барынша дайындалдық. Біздің дәрігерлер Мәскеуге, Қазанға, Киевке, Стамбұлға және Анкараға барып, квалификацияларын жоғарылатып келген. Бұдан бөлек Ташкенттегі республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық орталық қызметкерлері де қолдау көрсетті", - деді орталықтың бас дәрігері Лутфулло Махмонов.

Осыған дейін адам органдарын алмастыру бойынша операцияларды жасау үшін Самарқанд облыстық көп профилді медициналық орталыққа бюджет есебінен 10 млрд сумға (913 мың доллар) заманауи медициналық жабдықтар сатып алынған.

XS
SM
MD
LG