Ссылки доступа

Тәжікстанда журналист Далери Имомалидің тергеу ісі аяқталған 


Тәжікстанда журналист Далери Имомалиге қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жақын күндері сотқа жіберіледі. Осылай деп Озоди радиосы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Тәжік билігі журналистке қатысты іс бойынша ешқандай ақпарат берген емес. Оның адвокаты тергеу мәліметтерін жарияламау туралы тілхатқа қол қойғанын айтып келеді.

Далери Имомали "Тыйым салынған ұйымдардың жұмысына қатысу", "Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу", және "Қылмыс туралы жалған мәлімет беру" баптары бойынша айыпталып жатыр. Оның ісі құпия деген графпен тергелген.

Имомали 15 шілдеде прокуратура тарапынан тергеуге шақырылып, сол күні қамауға алынған. Бірнеше сағаттан кейін оның әріптесі Абдулло Гурбатидің де қамалғаны белгілі болған. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, YouTube каналына арнайы хабар әзірлеп жүрген. Олардың миллионға дейін оқырманы бар.

XS
SM
MD
LG