Әділет Балтабай 30 маусымда қамауға алынған.
Ол осыған дейін Азаттыққа сұқбат беріп, өзіне қарсы "Билікке бас имеу" және "азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізген. Ол бар болғаны әлеуметтік желілерге пікірін жеткізіп жүргенін айтқан.
Елдің ішкі істер министрі Улан Ниязбеков блогердің кінәсі лингвистикалық сараптама негізінде дәлелденгенін жеткізген.
Құқық қорғау ұйымдары билікті сөз еркіндігін сақтауға, оппоненттерін, белсенділерді қуғындамауға шақырып келеді.