Ссылки доступа

Өзбекстандағы Пайғамбар аралында 24 ауған азаматы ұсталды


21 тамызда Өзбекстанның Сұрқандария облысы аумағында Әмудария өзеніндегі Пайғамбар аралында Ауғанстаннан қайықпен жүзіп келген бір топ адам ұсталды.

Олар Өзбекстан шекарашыларына қарсылық көрсетті. Бұл туралы Өзбекстан Шекара әскерінің Sarhad.uz Telegram-арнасы хабарлады.

"Операция барысында Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын бұзушылардың бәрі (барлығы 24 адам) ұсталды", - деп хабарланды.

Тергеу кезінде шекара бұзған ауған азаматтары бұл маңға мия тамырын жинау үшін келетінін айтқан.

"Пайғамбар аралының аумағы толықтай Өзбекстан Шекара әскері бөлімінің бақылауына алынды", - деп хабарлады мемлекеттік мекеме.

XS
SM
MD
LG