Ссылки доступа

Қырғызстан аймақтарындағы телерадиокомпаниялар ұлттық корпорацияға өтеді


Қырғызстанда облыстық телерадиокомпаниялардың барлығы Ұлттық телерадиотарату корпорациясына өтеді. Президент Садыр Жапаров осындай жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, телерадиокомпаниялар штатымен, қаражатымен және материалдық-техникалық меншігімен бірге ұлттық корпорацияға өтеді.

Бұған қоса, президент үкіметке корпорация қызметкерлерінің айлығын көтеруді, оның техникасын жаңартуды тапсырды.

2022 жылғы мамырда Қоғамдық телерадиотарату корпорациясы Ұлттық телерадиотарату корпорациясы болып өзгерді. Мұндай құжатты Жоғаорку Кенеш 6 сәуірде қабылдады, президент оған 13 мамырда қол қойды.

Ақпарат министрі Азамат Жаманқұло корпорацияның қоғамдық телеарна мәртебесі өзін ақтамады деп мәлімдеді. Қырғызстандағы медиақауымдастық мұндай өзгеріске қарсы шықты.

2010 жылы Қырғызстанда билік ауысқан соң мемлекеттік телеарна қоғамдық телеарна болып өзгерген. Сол кезде билік бұл телеарна бейтарап ақпарат таратады деп жоспарлаған.

XS
SM
MD
LG