Жол апатында қаза болғандардың дені Қырғызстанның оңтүстік өңірлерінде тұрғандықтан, арнайы ұшақты Ош қаласынан ұшыру туралы шешім қабылданған.
"Avia Traffic" әуе компаниясының ұшағы бүгін Ош әуежайына қайтып оралады", - деп хабарлады "Манас" баспасөз қызметі.
21 тамызда Ресейдің Ульянов облысындағы ірі жол апатынан Қырғызстанның 14 азаматы опат болды. Олардың бәрі Ресейге уақытша жұмыс істеуге барған. Еңбек мигранттары мінген шағын автобус жолдағы кептелісте тұрған уақытта оған қатты жылдамдықпен жүк көлігі соғысқан.
Жол апатынан барлығы 16 адам қаза болды, үш адам жақын маңдағы ауруханаға түсті, олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.
23 тамыз Қырғызстанда жол апатында қаза болғандарды аза тұту күні деп белгіленді. Сейсенбі күні Бішкектегі мешіттердің бәрінде қаза болғандарға дұға оқылады.