Ссылки доступа

Ресейде көлік апатынан қайтыс болғандардың сүйегі Қырғызстанға жеткізілді 


Ресейдің Ульяновск облысында көлік апатынан қайтыс болған 14 қырғызстандықтың денесі Қырғызстанға жеткізілді.  

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қырғыз үкіметі қайтыс болғандардың отбасына 300 мың сомнан (3700 доллар шамасында) бөлген.

Қазір Ульяновск ауруханасында жатқандарға да материалдық көмек көрсетілетіні айтылған. 21 тамызда Ресейдің Ульяновск облысында ірі көлік апаты болып, 14 қырғыз азаматы қаза тапқан. Тағы үшеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

XS
SM
MD
LG