Ссылки доступа

Түркия және Сирия президенттері Өзбекстанда ШЫҰ саммитінде кездесуі мүмкін 


Ресей президенті Владимир Путин түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанды 15-16 қыркүйекте Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне шақырды. 

Путин сонымен бірге Сирия президенті Башар Асадты да шақырды. Tasnim агенттігінің хабарлауынша, Ердоған мен Асад Өзбекстанда екіжақты кездесу өткізуі мүмкін.

Жақын күндері "Ватан" түрік партиясының жетекшісі Догу Перинчек Сирияға барып, Асадпен кездесу өткізбекші.

12 адамнан тұратын түрік делегациясы арнайы ұшақпен Дамаск әуежайына қонбақ. Егер сапар жүзеге асса, бұл соңғы он жылдан кейінгі Сирия мен Түркия арасындағы бірінші әуе қатынасы болмақ.

Түркия Сириямен қарым-қатынасты қалпына келтіріп, босқындарды еліне қайтару мәселесін шешпекші.

Екі елдің лидері 2011 жылдан бері сөйлеспеген.

XS
SM
MD
LG