Ссылки доступа

Нұр-Сұлтан Украина елшісіне наразылық білдірді 


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісі Петр Врублевскийді шақырып, соғыс және ресейліктер жайлы айтқан пікіріне қарсылық білдірді. 

Сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдеме шетел елшісінің қызметіне лайықсыз және орынсыз деп есептейтінін жеткізген.

“Мұндай іс-әрекет мемлекеттер арасындағы достық мәмілеге кедергісін тигізбеуі тиіс", - деген министрлік.

21 тамызда Врублевский қазақстандық блогерге сұқбат беріп, "Көбірек өлтіруге әрекет жасаймыз. Қазір орыстарды қаншалық көп өлтірсек, балаларымыз да кейін соншалық азырақ өледі", деген.

Сұқбаттың осы фрагменті Крмельге жақын басылымдарда, әлеуметтік желілерде пайда болған. Оның Ресей СІМ өкілі Мария Захарова да Телеграм каналына жариялаған.

Қазақстан халқы ассамблеясы "жол беруге болмайтын дүние" деп мәлімдеп, елшіге нон грат персоны деп жариялауда ұсынған.

Алайда қазақ қоғамында Украина елшісін жақтап, Қазақстан халқы ассамблеясын таратуды талап етіп жатқандар да бар.

XS
SM
MD
LG