Ссылки доступа

Өзбекстан СІМ: Шекараны бұзған ауған азаматтары депортацияланады


23 тамызда Ауғанстан мен Өзбекстан арнайы қызметінің өкілдері өткен жексенбіде бір топ ауған азаматының мемлекеттік шекарадан заң өткенін талқылады. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Сұрқандария облысындағы Пайғамбар аралы аумағына көрші ел азаматтарының заңсыз өткені екі жақтың да мазасын қашырғаны айтылды.

СІМ мәліметінше, төтенше оқиға кезінде екі ауған азаматы қаза болған - өзбек жағы марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты. Бұған қоса, қақтыста тағы алты адам жараланған, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Министрлік оларды аралдан еліне қайтаруға дайындық аяқталып қалғанын хабарлады.

21 тамызда Өзбекстандағы Пайғамбар аралын шекарадан заңсыз өткен 24 ауған азаматы басып алғаны мәлім болды. Өзбекстан шекара қызметінің хабарлауынша, олар бұл маңға мия тамырын жинауға келген.

XS
SM
MD
LG