Дегенмен "Комиссия 44" ұйымының кем дегенде жеті мүгесі мамыр айында күш құрылымдарының арнайы операциясынан соң Хорогта ұсталып, Душанбеге жеткізілді. Олардың екеуі 18 жылға сотталды. Дереккөздер мәліметінше, оларға Еуропада тұратын оппозиция өкілдерінен ақша алған деп айыптаған.
Осы істің мәнжайымен жақсы таныс дереккөздің 23 тамызда хабарлауынша, "Комиссия 44" ұйымының ұсталған мүшелерін қылмыстық бірлестікке қатысы бар деп айыптаған. "Олардың үстінен "қылмыстық ұйымға қатысу" бабы негізінде де қылмыстық іс қозғалған. Мұндай қылмыс жасағандарды сегіз жылдан он екі жылға дейін соттайды", дейді дереккөз.
Тәжікстан Жоғарғы соты судьяларының бірі 14 шілдедегі баспасөз конференциясында "Комиссия 44" ұйымының мүшелері Худжамри Пірназаров пен Шафтолу Бекдавлатов қылмыстық ұйымға қатысты деп танылғанын хабарлады. Судьяның айтуынша, "олар террористік ұйым деп танылған Тәжікстан Ұлттық альянсымен байланыс орнатқан, соның қаражатымен "Комиссия 44" деп аталатын қылмыстық ұйым құрған".
Бұның алдында "Комиссия 44" өкілі Фаромуз Иргашев ұйым ешқандай саяси топты танымайтынын, 2021 жылғы 25-28 қараша алағында болған оқиғаларды мұқият зерттеу үшін мемлекеттік органдармен ғана байланыс орнатқанын айтқан. Соңғы мәрте "Комиссии 44" ұйымы мен Тәжікстан Бас прокуратурасының өкілдері Хорогтағы қараша оқиғаларын 19 сәуірде онлайн форматта талқылаған.