Ссылки доступа

Өзбекстаннан Қырғызстанға шамамен 2 млн доллар заңсыз өткізуге талпынғандар ұсталды


Өзбекстанның Наманган облысында шетел валютасын Қырғызстан аумағы арқылы шетелге шығарумен айналысатын заңсыз топ әрекетін әшкереледі.

Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Наманган облысы Қасансай ауданында тұратын ағайындылар өзбек-қырғыз шекарасынан өту кезінде тексерілді.

"Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтың астында полиэтилен пакетке салынған 205 600 доллар, соныен бірге екі синтетикалық қапқа салынған 836 300 және 800 000 доллар, барлығы 1 841 900 доллар табылды", — делінген қауіпсіздік қызметі мәліметінде.

Күдіктілерді анықтау жұмысы кезінде Қасансайдағы 33 жастағы кәсіпкер де ұсталды. Оның автокөлігінен 167 мың 100 доллар табылды.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Бұның алдында өзбек-қырғыз шекарасында төрт жер асты өткелі табылғаны хабарланған. Оларды валюта мен тауарды көрші елге заңсыз өткізу үшін пайдаланған.

XS
SM
MD
LG